АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі жылдық есебі жарияланды
(last modified Sat, 04 Mar 2017 19:45:42 GMT )
Нау 05, 2017 01:45 Asia/Almaty
  • АҚШ Мемлекеттік департаментінің адам құқықтары жөніндегі жылдық есебі жарияланды

АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті сенбі күні таңертең жариялаған адам құқықтары туралы жылдық есебінде Иран ислам республикасына қарсы жыл сайынғы негізсіз уәждерін қайталады.

«Alalam» арнасының хабарлауынша, АҚШ- тың Мемлекеттік департаменті түрлі елдердегі адам құқығының жағдайына сараптама жасалады деген өзінің жылдық есебінде ислам республикасына қарсы бұрынғы уәждерін қайталады.

Осы есептің бір бөлігінде ИИР президенті Хасан Рухани 2013 жылы демократиялық емес сайлаудың нәтижесінде билік басына келді деген уәж айтылған.

Ирандағы президенттік сайлаудың 11-ші шақырылымы әлем елдері мен ақпарат құралдарының, тіпті Батыс ақпарат құралдарының мойындауы бойынша Иран халқының белсене қатысуымен әдеттегідей таза өткен болатын.

Сондай-ақ Американың 2016 жылғы адам құқықтары жөніндегі жылдық есебінде тағы да мәдени, әлеуметтік өзгешеліктер мен діни негіздерді басшылыққа алмастан, Иранға жала жабудың өзектерінің бірі біржыныстылардың құқықтарына көңіл бөлмеу деп аталған.