Жаулап алынған Құдстағы АҚШ елшілігінің орны белгіленді
(last modified Mon, 06 Mar 2017 18:18:38 GMT )
Нау 07, 2017 00:18 Asia/Almaty
  • Жаулап алынған Құдстағы АҚШ елшілігінің орны белгіленді

Жаулап алынған Палестинаға сапар шеккен АҚШ Конгресінің делегациясы жаулап алынған Құдс қаласында АҚШ елшілігі үшін жаңа мекенді белгіледі.

«Фарс" ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, АҚШ Конгресінің делегациясы елшілік мекенін ауыстыру үшін жаулап алынған Құдс қаласында үш мекенді аралап, белгіледі. Американың негізгі консулдығын салу үшін жаулап алынған Құдс қаласындағы "Арнона" кварталында орналассқан "Дэвид Фласер» №14 көшесі ең оңтайлы мекен болмақ.

АҚШ Конгресіндегі Флорида штатының өкілі әрі АҚШ Конгресінің жаулап алынған Палестинаға аттандырған делегациясының жауапты басшысы Ран Досантис: «АҚШ президенті Дональд Трамп осы істі атқаруы мүмкін, өйткені мұндай әрекетке көптеген америкалық пен израильдік мүдделі».

Досантис сионистік режимнің СІМ-нің орынбасары  Ципи Хотовелимен кездесуде Трамп өзінің сайлау алдындағы уәделерін орындау немесе осы шараның күшін жоюға жарлық шығаратын жағдайда. Алайда Трамптың әрекетінен оның осы жарлықтың күшін жоймайтыны білінеді. Ол елшілікті ауыстыру туралы жарлығын жариялайды» деді.