Ресей тәжікстандық азаматқа қатысты Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының үкіміне наразылық танытты
Ресей үкіметі Еуропаның адам құқығы жөніндегі сот мекемесінің осы елге кіруіне заңсыз тыйым салуына байланысты тәжікстандық азамат пен оның жұбайына қаржылай өтемақы төлеу туралы шығарған үкіміне наразылық танытты.
Ресейдің әділет саласының басшылары Еуропаның адам құқығы жөніндегі сот мекемесінің тәжікстандық азаматтың қаржылай шығынының орнын толтыру туралы үкімін әділетсіздік деп атады. Бұл жөнінде Еуропадағы Апелляциялық сот шешім қабылдауы керек.
Еуропаның адам құқығы жөніндегі сот мекемесі 2016 жылы 26-шы қазанда үкім шығарып, Ресейді Туйчи Джураев пен оның жұбайына осы елге кіруіне заңсыз тыйым салғаны үшін 10 000 евро шығын төлеуге міндеттеді. Туйчи Джураев Ресейдегі тәжікстандық мигрант жұмысшылар ұйымының орынбасары ретінде осы елде заңды түрде жұмыс істеген. Ол 2013 жылы Тәжікстанға барып, бір аптадан кейін Ресейге қайтар кезде өзіне осы елге кіруіне тыйым салынғанын білді. Ол кезде оның жұбайы мен перзенттері Ресейде болатын.