Иран мен Индонезия экономикалық ынтымақтастықтарын күшейтеді
Иран Сыртқы істер министрі мен Индонезия президенті экономикалық ынтымақтастықтарды күшейтуді және банк ісіндегі кедергілерді жою қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы басшыларының саммиті аясында Джакартада Индонезия президенті Джоко Видодомен кездесуде банк ісіндегі ынтымақтастықтарды күшейту қажеттігін қуаттап, түрлі салаларда ынтымақтастықтарды күшейту үшін екі ел арасында түрлі сауда делегациялармен алмасуды әсерлі деп бағалады. Зариф Иран мен Индонезияның сауда-саттық негізіндегі ынтымақтастықтарына ризалық білдіріп: «Ирандық компаниялардың Индонезияда электр өндіру жобалары екі ел байланыстарының көбірек кеңеюіне себеп болады» деді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай- ақ аймақтық мәселелер мен лаңкестікпен күресті баяндап: «Иранның саясаты мен талпынысы аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті күшейтуді мақсат етеді» деді.
Индонезия президенті Джоко Видодо да осы кездесуде мұнай мен энергия, инвестиция, мұнайдан тыс тауар алмасу мен сауда саттық ынтымақтастықтарын күшейту үшін қаржы бөлу, банк ісіндегі ынтымақтастықтарды кеңейту және осы негізде кедергілерді жою үшін ынтымақтастықтарды күшейту қажеттілігін қуаттады.