Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы ынтымақтастық пен даму үшін ыңғайлы мұрсат
Иран Сыртқы істер министрі Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы қалпында ынтымақтастық жасауды ынтымақтастық пен ілгерілеу үшін ыңғайлы мұрсат деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Индонезияның астанасы Джакартада Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағы басшыларының саммитінде осы одақ қалпында ынтымақтастық жасауды ынтымақтастық пен даму үшін ыңғайлы мұрсат деп бағалады.
Зариф сондай-ақ Иранның оңтүстік-шығысында орналасқан Чабаһар портының Үнді мұхиты мен Парсы Шығанағы, Азияның батысы мен орталығы, Кавказ бен Еуропа арасында байланыс орнату үшін маңызды да стратегиялық орналасуына сілтеме жасап, осы теңіз айлағын шығысты батысқа, солтүстікті оңтүстікке қосу үшін қауіпсіз және қысқа бағыт деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі теңіз қауіпсіздігі тақырыбының маңыздылығын Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағының басты бағдарларының бірі ретінде қуаттап, қауіпсіздікті арттыру мен теңіздің ластануына жол бермеуге ерекше көңіл бөлу қажеттілігін сұрады.
Иран, Австралия, Бангладеш, Индия, Индонезия, Кения, Мадагаскар, Малайзия, Маврикий, Мозамбик, Оман, Сейшель аралдары, Сингапур, Оңтүстік Африка, Шри-Ланка, Танзания, Комор аралдары, Сомали, Таиланд, БАӘ және Йемен Үнді мұхиты аймағындағы ынтымақтастықтар одағының 21 мүшесі болып табылады.