БҰҰ баяндамашысының Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты есебі негізсіз
(last modified Wed, 08 Mar 2017 08:21:20 GMT )
Нау 08, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • БҰҰ баяндамашысының Ирандағы адам құқығының жағдайына қатысты есебі негізсіз

БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесінің Иран істері жөніндегі баяндамашысы Асаме Джаһангир Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы өзінің бірінші есебінде Теһранға қарсы негізсіз айыптауларын мәлімдеді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Асаме Джаһангир Иранға қарсы есебінде Ирандағы өлім жазалары мен Иранның ішкі істеріне алаңдаушылық білдіріп, Теһраннан өлім жазаларын іске асыруды тоқтатуды сұрады.

БҰҰ Адам құқығы кеңесінің Иран істері жөніндегі баяндамашысы Иранның сот үдерісіне араласуын көрсететін әрекетінде Иранға есірткімен күресу заңын өзгертіп, өлім жазаларын басқа жазаларға өзгертуді ұсынды. Ол өзінің Иранға қарсы есебінің жалғасында бұл елдің сот органдарына күмән тудырып, ИИР-н сөз бостандығы мен жеке адамның басқа азаттықтарын бұзады деп айыптады.

Асаме Джаһангир бұл елде әйелдер мен қыздарға қарсы кемсітушіліктердің алдын алу  үдерісі баяу жүруде деген уәж айтты. Адам құқығы мәселесіне қатысты уәждер Иран сан рет адам құқығының елдерге мәдени, саяси және экономикалық тұрғыдан билік жүргізуге пайдаланылып отырғаны туралы қуаттаған жағдайда айтылуда.