Сионистік режимнің ядролық қарулары әлемнің қауіпсіздігіне қауіп төндіруде
Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіндегі Иран ислам республикасының тұрақты өкілі сионистік режимнің ядролық қаруларын әлемнің бейбітшілігі мен қауіпсіздігі үшін қауіпті деп атап, АҚХА-нен осы режимнің қару-жарақ бағдарламасын шынайы қарастыруды сұрады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Реза Наджафи Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінің Басқарма кеңесінің наурыз айындағы кезекті отырысының соңғы күні сионистік режимнің ядролық қарулар бағдарламасының Қосылмау қозғалысына мүше елдер тарапынан қатаң сыналғанына сілтеме жасап, Атом Қуаты Халықаралық Агенттігінен осы тақырыпты шынайы түрде әрі нақты қарастыруды сұрады.
Наджафи халықаралық қауымдастықтың АҚХА бекіткен қарарлар мен осы режимнің NPT шартына жедел қосылуы және оның барлық ядролық нысандарының АҚХА-ның толық қадағалауында болуы негізіндегі ядролық қаруларды таратпау шартын қайтадан қарау конференциялары қалпындағы талаптарына сілтеме жасап: «Өкінішке орай, соңғы жылдары сионистік режим халықаралық қауымдастықтың заңды талаптарын елемей, кейбір Батыс елдерінің қолдау көрсетуімен барлық халықаралық заңдар мен ережелерді аяққа таптап, өзінің әскери ядролық бағдарламасын ілгерілетуді жалғастырып келеді» деді.
Мысыр, Иордания және БАӘ Израильдің NPT келісіміне шартсыз қосылуын және осы режим нысандарының АҚХА-ның қадағалауында болуын талап етті. Алайда АҚШ өкілі мен Еуроодақ сионистік режимді қолдап, осы тақырыптың отырыста аймақ елдері тарапынан талқылануын сынады.