Украинаның шығысында химиялық апаттың орын алу ықтималы туралы ескерту жасалды
Украинадағы химиялық заттар мен қауіпті қалдықтар туралы зерттеу жасаған БҰҰ- ның адам құқығы жөніндегі арнайы тілшісі Баскут Тункак мәлімдеме таратып, Украинаның шығысында индустриялдық орталықтар мен химиялық кәсіпорындардың маңында орын алатын қарулы қақтығыстар түбінде осы аймақты химиялық апатқа соқтыруы мүмкін деді.
Украинадағы химиялық заттар мен қауіпті қалдықтар туралы зерттеу жасаған БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі арнайы тілшісі Баскут Тункак мәлімдеме жариялап: "Украинаның шығысында индустриалдық орталықтар мен химиялық кәсіпорындардың маңында орын алатын қарулы қақтығыстардың түбінде осы аймақты химиялық апатқа соқтыруы мүмкін. Украинаның шығысындағы индустриалдық орталықтарда химиялық, улы және жарылғыш заттардың болуы апатқа ұрындыра алатын шынайы алаңдаушылық көзі болып табылады" деді.