Ирандық делегация "Астана-3" келіссөздеріне қатысу үшін Қазақстанға аттанды
(last modified Mon, 13 Mar 2017 08:12:16 GMT )
Нау 13, 2017 14:12 Asia/Almaty
  • Ирандық делегация

Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансари бастаған ирандық делегация Сирияға қатысты "Астана-3" келіссөздеріне қатысу үшін дүйсенбі күні таңертең Қазақстанға аттанды.

"Астана-3" халықаралық келіссөздері 14-15 наурыз күндері  Сирия үкіметі мен осы елдің наразылары делегациялары, Сирияда орнаған атысты тоқтату бітімінің үш кепілі – Иран, Ресей мен Түркия елдерінің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтеді.
Сириядағы дағдарыста ең маңызды майдандық оқиға ретіндегі 2016 жылы 29 желтоқсанда Алеппо қаласы азат етілген соң Иран, Ресей мен Түркия елдерінің бастамасымен  Қазақстанның елордасы Астана қаласында отырыс ұйымдастырылды.
Астана қаласындағы Сирия бейбітшілігі келіссөздерінің бірінші кезеңі 2017 жылдың 23-24 қаңтарында, ал келіссөздердің екінші кезеңі 15-16 ақпанында өтті. Осы отырыстардың арқасында Сирияда салыстырмалы түрде тұрақты атысты тоқтату бітімі орнады.