Ауғанстан елді қалпына келтіру істері үшін Ресейден көмек сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i25176
Ауғанстан үкіметі Ресей үкіметінен осы елдің 124 экономикалық және ғылыми орталығын қалпына келтіру үшін ресми түрде көмек көрсетуді сұрады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 13, 2017 21:20 Asia/Almaty
  • Ауғанстан елді қалпына келтіру істері үшін Ресейден көмек сұрады

Ауғанстан үкіметі Ресей үкіметінен осы елдің 124 экономикалық және ғылыми орталығын қалпына келтіру үшін ресми түрде көмек көрсетуді сұрады.

Мәскеудегі Ауғанстан елшілігі осы орталықтардың көбінің Кеңес Одағының ынтымақтастығымен салынғанын, сол себепті Ресейдің көмегімен қалпына келтіруге болатынын айтып: "Кабул Политехникалық университеті мен Саланг туннелі солардың қатарына жатады" деді. Ресейдің Энергетика министрінің орынбасары Юрий Сентюрин Ресейдегі Ауғанстан елшісі Абдолқайум Кучаймен кездесуінде шамамен 30 ресейлік компанияның Ауғанстанның түрлі жобаларына инвестиция салуға әзірлігін хабарлады.