Қазақстан Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдады
(last modified Tue, 14 Mar 2017 15:15:33 GMT )
Нау 14, 2017 21:15 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ауғанстанның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қолдады

БҰҰ- дағы Қазақстанның тұрақты өкілі Ауғанстанда тұрақтылық  пен қауіпсіздік орнатуды және осы ел экономикасының өсуіне көмектесуді қуаттады.

Қайрат Омаров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында: «Ауғанстанның жағдайы лаңкестердің болуы және есірткі заттар өндіру мен контрабанданың ұлғаюына байланысты өте шиеленісті. Осы мәселенің Орталық Азия үшін кері салдарлары болады. Ауғанстанға білім жағынан көмек көрсету шеңберінде шамамен бір мың ауған жастары Қазақстанда білім ала алады» деді.