Екі ирандық ғалым Австралияда 100 мың долларлық жүлде ұтты
https://itolqyn.com/news/world-i25258
Екі ирандық ғалымның автокөлікті су қолданбай жуу бойынша бастама жобасы Австралияның New South Wales штатының 100 000 доллар жүлдесінің жеңімпазы атанды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 15, 2017 21:35 Asia/Almaty
  • Екі ирандық ғалым Австралияда 100 мың долларлық жүлде ұтты

Екі ирандық ғалымның автокөлікті су қолданбай жуу бойынша бастама жобасы Австралияның New South Wales штатының 100 000 доллар жүлдесінің жеңімпазы атанды.

Ph.D ғылыми дәрежесіне ие ғалымдар Реза Кешаварзи мен Фарид Мир Мохсени таяуда автокөлікті суды қажет етпей жуу технологиясын дамыту арқылы көлік жуу өнеркәсібінде толығымен жаңа бастамалық кешен қалыптастырды. Бір көлікті жуу үшін 100- ден 300 литрге дейін су қажет. Алайда осы екі ирандық ғалым суды қолданбай, көлікті жууға болатын әдіс ойлап тапты.