Еуропа – әлемнің ең қатерлі аймақтарының бірі
https://itolqyn.com/news/world-i25456
Еуропадағы НАТО ұйымының қолбасшысы бейсенбі күні Лондонда орын алған лаңкестік әрекетке реакция білдіріп: «Еуропа бүгінде әлемнің ең қатерлі аймақтарының бірі»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 24, 2017 18:05 Asia/Almaty
  • Еуропа – әлемнің ең қатерлі аймақтарының бірі

Еуропадағы НАТО ұйымының қолбасшысы бейсенбі күні Лондонда орын алған лаңкестік әрекетке реакция білдіріп: «Еуропа бүгінде әлемнің ең қатерлі аймақтарының бірі»,- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Кертис Скапароти бейсенбі күні АҚШ Сенатының қарулы күштері комитетінің отырысында: «Еуропада куә болып отырған қоқан-лоққылардың қатары әлемнің басқа жерлеріне қарағанда көбірек. Лондондағы жуырдағы лаңкестік шабуыл Еуропадағы қауіп-қатердің белгісі. Еуропа бүгінде лаңкестердің Сирия мен басқа аймақтардан осы құрлыққа келуі және ДАИШ лаңкестік тобының ішкі қоқан-лоққыларымен кезігіп отыр»,- деді.

Таяу Шығыс аймағы әсіресе, Ирак пен Сириядағы дағдарыс пен бейберекеттерге себеп болып отырған лаңкестік топтарды қолдайтын  Батыс мемлекеттері, соның ішінде Ұлыбритания, Франция мен Германия өткен айларда лаңкестік шабуылдардың нысанына алынды.