Ядролық қаруды қысқарту үшін Ресей шарт қойды
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің ядролық қаруды қысқарту туралы келіссөздерге дайын екенін хабарлады. Лавров бейсенбі күні сөйлеген сөзінде: «Ресей ядролық қаруды азайту туралы келіссөздерге дайын. Бірақ, Ресейдің шарты бойынша стратегиялық қарулардың саны ғана емес, сонымен қатар барлық факторлар да назарға алынуы керек. Ядролық қарудан толығымен бас тартатын уақыт жеткен жоқ»,- деді.
Лавровтың жаңа ұстанымы негізінде батыстықтар мен америкалықтардың Ресейдің ядролық арсеналын, әсіресе ядролық оқтұмсықтарын қысқарту туралы талаптарына жауап болып саналады. Ресейдің ұлттық қауіпсіздігі үшін стратегиялық ядролық күшке ие болу бұл елдің басшыларының көзқарасы бойынша мәміле жасалмайтын «қызыл сызық» болып табылады. Сондықтан бұл саладағы әрбір талап ресейліктердің қатаң реакциясына тап болады. Бұл мәселе АҚШ Президенті Дональд Трамптың әшкере түрде Ресейдің ядролық қаруын біржақты түрде қысқарту талабынан кейін Мәскеу үшін одан сайын маңызды болып отыр. Сонымен бірге Трамп өзінің соңғы сөзінде АҚШ-тың ядролық қару шығару мүмкіндігінің азаюына тоқталып, бұл жағдайды өзгертетіні туралы қуаттады. Яғни, АҚШ шынайы түрде ядролық арсеналын жаңартқысы келеді. Осыған орай ядролық арсеналын жаңарту үшін 10 жылда 350 миллиард доллардан астам қаржы жұмсамақ. Ресейліктердің пікірінше, Трамптың ядролық теңдік жоқ деген ұстанымы «қырғи қабақ» соғысы кезінде бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін қабылданған бұрынғы Кеңес Одағы мен АҚШ арасындағы ядролық теңдік негізіне толық қайшы келеді. Ресейліктер Трамптың ойындағы ядролық артықшылықты тек қиял деп санайды. Трамптың сөздері стратегиялық ядролық қаруды қысқарту туралы жаңа келісімге, яғни «Старт-2» келісіміне күмән тудыру болып табылады. Трамп үкіметі ядролық арсеналы мен ядролық стратегиялық салада белсенділік танытып, АҚШ пен Ресей арасындағы қайшылықтарды арттыруға себеп болады. Трамп бірінші болып, ядролық соққы беру стратегиясын жалғастыратынын қуаттайды. АҚШ үкіметі әшкере түрде басқа мемлекеттерді өзі мен одақтастарының ұлттық қауіпсіздігін қорғауды сылтауратып, ядролық шабуыл жасаумен қорқытты. Ресей бұл елдің әскери доктринасында ядролық қаруды ядролық шабуылдардың алдын алу үшін ғана пайдаланылатынын жариялады. Қытай да ядролық қаруды бірінші болып пайдаланбайтынын, тек өзіне қарсы шабуыл жасалғанда ғана қолданатынын жариялады. Мәскеу қазіргі кезде қоқан-лоққыларға назар аударып, ядролық қаруды толық жоюды мүмкін емес деп санайды.