Ресей Иранмен ынтымақтастық келісімшартына өзгертулер енгізуге талпыныс жасауда
Ресей президенті Иран ислам республикасымен құқықтық ынтымақтастық протоколына өзгертулер енгізу туралы жарлық шығарды.
"Тасним" ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Иранмен азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық тұрғыдан өзара көмек көрсету келісімшартына өзгертулер енгізуге және осы негізде протоколға қол қоюға жарлық шығарды.
Владимир Путин сондай-ақ Ресейдің Әділет министрлігіне Иранмен келісімге қол жеткізген соң екі елдің өзара құқықтық көмек көрсету келісімшартына өзгертулер енгізу протоколына қол қоюға жарлық берді.
Иран үкіметі тиісті келісімшарттарға өзгертулер енгізуді өтінген соң шығарылған Ресей президентінің жарлығы жұма күні Ресейдің құқықтық жаңалықтарының ресми порталында жарияланды.
Иран мен Ресейдің құқықтық сала бойынша өзара көмек көрсету келісімшарты екі елдің азаматтық және қылмыстық істерін қарастырудағы ынтымақтастықтарының негізі болып табылады.