Қырғызстанда 68 адам құрықталды
https://itolqyn.com/news/world-i25504
Қырғызстан Парламентінің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровтың қамауға алынуына байланысты Қырғызстан астанасы Бішкекте шеруге шыққан 68 адам құрықталды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 26, 2017 15:24 Asia/Almaty
  • Қырғызстанда 68 адам құрықталды

Қырғызстан Парламентінің бұрынғы депутаты Садыр Жапаровтың қамауға алынуына байланысты Қырғызстан астанасы Бішкекте шеруге шыққан 68 адам құрықталды.

APA ақпарат агенттігінің сенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қырғызстан Ішкі істер министрінің орынбасары Алмаз Оразалиев: "Бұл адамдар кеше «Қоғамда бүлік пен тынышсыздық тудыру мақсатын көздеді» деген айыппен қамауға алынды",- деп мәлімдеді.

Бішкек үкіметінің ең белді оппозиционері саналатын Қырғызстан Жоғарғы кеңесінің бұрынғы депутаты Садыр Жапаров жуырда Манас әуежайында құрықталған болатын.

Оған бейбекерекеттік ұйымдастыру және бірнеше қылмыстық құқық бұзушылық айыбы тағылып отыр.