Ресей «Талибан» қозғалысына қолдау көрсету туралы уәжді теріске шығарды
(last modified Sun, 26 Mar 2017 15:03:14 GMT )
Нау 26, 2017 21:03 Asia/Almaty
  • Ресей «Талибан» қозғалысына қолдау көрсету туралы уәжді теріске шығарды

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы НАТО-ның бір қолбасшысының «Мәскеу Ауғанстандағы «Талибан" қозғалысына қолдау көрсетуде» деген уәжін жоққа шығарды.

Ресей Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы генерал Игорь Конашенков өз мәлімдемесінде «Ресей «Талибанға» қолдау көрсетіп отыр» деген НАТО мен Америка күштерінің Еуропадағы бір қолбасшысының уәжін негізсіз деп атап: «Бұл сөздер АҚШ Сенатында НАТО мен Америка күштерінің Еуропадағы қолбасшылығына көбірек бюджет бөлу үшін айтылып отыр» деді.