Ұлыбританияда Сауд әулеті режиміне қарсы шеру өтті
Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласының тұрғындары шеру өткізу арқылы Сауд Арабиясы режимінің Йеменге қарсы шабуылдарын айыптады.
Наразылар Ұлыбританияның астанасында ұрандар айтып, Сауд Арабиясы режимінің Йеменге шабуылдарын доғаруды талап етіп, йемендік әскери емес азаматтарды өлтіруді ақтауға болмайтын іс деп айыптады. Лондон тұрғындары сондай-ақ Ұлыбритания мен өзге араб елдерінің Сауд Арабиясына қару- жарақ сатуын айыптап, осы шараны қайтадан қарауды талап етті.
Сауд әулеті режимі 2015 жылды наурыз айынан АҚШ пен аймақтағы кейбір араб елдерінің демеушілігімен Йеменге шабуыл жасап, осы елдің отставкадағы президенті Абд Раббу Мансур Хадиді билікке қайтаруды көздеп отыр.
Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары салдарынан шамамен 11 мың адам қаза болып, кем дегенде 3 миллион адам босқындап кеткен. Бұған қоса осы елдің инфрақұрылымдық нысандарына зор шығын келтірілді.