ИИР президентіне Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құрметті докторы атағы берілді
https://itolqyn.com/news/world-i25574
Сейсенбі күні өткен арнайы рәсімде ИИР президентіне Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құрметті докторы атағы берілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 28, 2017 20:45 Asia/Almaty
  • ИИР президентіне Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құрметті докторы атағы берілді

Сейсенбі күні өткен арнайы рәсімде ИИР президентіне Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құрметті докторы атағы берілді.

Мәскеу Мемлекеттік Университетінің ректоры Садовничий Виктор Антонович осы университеттің көптеген ұстаздары мен студенттерінің қатысуымен өткен рәсімде: «ИИР президентінің Иран мен Ресей арасындағы ғылыми және академиялық байланыстарын күшейту мен кеңейту жолындағы қызметі мен шараларына байланысты Университеттің ғылыми кеңесі растағаннан кейін ол кісіге университеттің құрметті докторы атағы беріледі» деді.

ИИР президенті де осы рәсімде өзіне Мәскеу Мемлекеттік Университетінің құрметті докторы атағы берілгеніне алғыс айтып, университеттің ұстаздары мен студенттерінің алдында ең маңызды халықаралық мәселелерді баяндады.