Иран – Ресейдің жақсы көршісі әрі тұрақты серіктесі
Кеше сейсенбі күні ИИР президенті Хасан Рухани мен РФ президенті Владимир Путиннің кездесуі барысында екі ел арасында консулдық қызмет, туризм, экономика, байланыс, құқық және сот секілді түрлі салаларды қамтитын ынтымақтастық жасау туралы 14 меморандумға қол қойылды.
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Иран президенті Хасан Руханимен кездесуінде Иранды Ресейдің жақсы көршісі және тұрақты серіктесі деп атап: "Мәскеу мен Теһран барлық салаларда, соның ішінде халықаралық мәселелер, осы саладағы күрделі мәселелер мен экономика саласындағы қиындықтарды шешуде бір-бірімен ынтымақтастық жасауда. Бұл ынтымақтастықтар белгілі бір мемлекетке қарсы ынтымақтастық емес",- деді.
ИИР президентінің Мәскеуге сапармен келіп, екі ел басшыларының өткізген келіссөздері үлкен маңызға ие. Руханидің екі күндік сапары екі ел басшылары мен мемлекет қайраткерлерінің екіжақты қарым-қатынас, аймақтық және халықаралық өзгерістер жайлы сұхбаттасуына қолайлы жағдай жасады. Ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою Иран мен Ресей арасындағы байланыстардың кеңейгенін білдіреді. Иран мен Ресей стратегиялық мақсаттар негізінде жоғары деңгейде қарым-қатынас жасауды көздеп отыр. Екіжақты қарым-қатынастардың стратегиялық тереңдігіне байланысты бұл екі мемлекет аймақтағы мәлелерге қатысты қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарын дамытуға мүдделік танытып отыр. Мұндай деңгейдегі қарым-қатынастар аймақтық нәтиже береді деп күтілетіндіктен маңызды саналады. Бұл сезімталдықты екі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншісі, Путиннің Иран президентімен келіссөздері кезінде "бұл ынтымақтастық үшінші мемлекетке қарсы бағытталған ынтымақтастық емес" айтқан сөзі. Екінші көзқарас айтылған қорытындыға қайшы келеді. Бұл көзқарас белгілі бір саяси топтар тарапынан айтылған. Бұл топтар Иран мен Ресей арасында стратегиялық қатынастардың орнағанын қаламайды. Бұл топтардың Иран мен Ресейдің аймақтық мәселелерді шешуде ықпал етуіне алаңдап отырғаны айдан анық. Осы саяси топтар мұндай қатынастардың АҚШ-тың аймақтағы ұзақ мерзімді жоспарларына тосқауыл болатынын біледі. Дәл осындай жағдайда Теһран мен Мәскеудің Сирия тақырыбына байланысты үйлесімді әрекеттері Сирия дағдарысын шешудегі саяси келіссөздерге негіз әзірлеуде маңызды рөл атқарды. Алайда екі елдің барлық салалардағы көзқарастарының бірдей еместігін айтқан жөн. Бірақ, жалпы алғанда, екі елдің ортақ көзқарастары қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық деңгейін тиімді түрде көтеруге бағытталған. Бүгінгі таңдағы екі ел қатынастарының Сирия мәселелеріне қатысты ықпалының мықтылығына байланысты Иран мен Ресей қарым-қатынастары стратегиялық деңгейге енді деп айтуға болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы немесе BRICS тобы секілді ұйымдардағы бұл интеграция Қытай және Үндістан секілді Азияның басқа ірі мемлекеттерімен берік байланыс орнату үшін қолайлы жағдай жасады. Осыған байланысты, Иран мен Ресей аймақтық және халықаралық өзара әрекеттестіктерді кеңейтуге қатты ынта танытып отыр деуге болады. Мұндай ынтымақтастықтар экономикалық және саяси салалармен қатар, Иран мен Ресейдің қауіпсіздік және әскери әрекеттестігінде де аса маңызды болып табылады. Осы айтылған мәселеге байланысты, Путин мен Рухани келіссөздерде Мәскеу мен Теһранның барлық салаларда, атап айтқанда халықаралық мәселелер мен ауыр қиындықтарды шешуде бір-бірімен ынтымақтастық жасап, ынтымақтастықтарын кеңейтетінін қуаттады.