АҚШ пен Сауд Арабиясының Қауіпсіздік Кеңесіндегі Иранға қарсы астыртын әрекеті сәтсіздікке ұшырады
(last modified Thu, 30 Mar 2017 16:45:53 GMT )
Нау 30, 2017 22:45 Asia/Almaty
  • АҚШ пен Сауд Арабиясының Қауіпсіздік Кеңесіндегі Иранға қарсы астыртын әрекеті сәтсіздікке ұшырады

БҰҰ-ның мамандары осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Иран тарапынан йемендік топтарға еш қару жөнелтілмегенін мойындады.

Бұдан бұрын АҚШ пен аймақтағы кейбір араб елдері, атап айтқанда Сауд Арабиясы Иран ислам республикасына №2231 қарарды бұзып, Йеменге қару жөнелтті деген айып таққан жағдайда БҰҰ-ның мамандары мен тілшілері Қауіпсіздік Кеңесінің сәрсенбі күнгі отырысындағы есебінде: «Тәркіленген кемелердің Ираннан қару алғаны немесе осы қарулардың ирандық болуына қатысты еш белгі жоқ» деп мәлімдеді.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі бір білікті дереккөзі: «Сауд Арабиясы осы есепке қатты наразы әрі Қауіпсіздік Кеңесінің құжаты ретінде жарияланбауына күш салуда» деді.

АҚШ пен Сауд Арабиясы йемендік топтарға Иран тарапынан қару-жарақпен демеушілік көрсетілуде деген уәж айтып, «Араб коалициясы» деп аталатын топтың Йеменнің мазлұм халқына шапқыншылығын ақтауға тырысуда.