Лондонда ирандық жасөспірімге нәсілшілдік тұрғыдан шабуыл жасалды
(last modified Mon, 03 Apr 2017 07:38:47 GMT )
Сәу 03, 2017 13:38 Asia/Almaty
  • Лондонда ирандық жасөспірімге нәсілшілдік тұрғыдан шабуыл жасалды

Азаматтық қоғамның ондаған белсендісі жексенбі күні кешке бір ирандық жасөспірімге нәсілшілдік тұрғыдан шабуыл жасалғанына наразылық білдіріп, оған тілеулестік білдіру үшін Лондонның оңтүстігіндегі Кройдон ауданына жиналды.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жиналғандар қолдарына нәсілшілдікке қарсы ұрандар жазылған плакаттар мен маталар алып шыққан.

Осы жиында сөз сөйлегендер де ирандық жасөспірімге жасалған нәсілшіл шабуылды айыптап, адамдық болмысқа қол сұғудың кез-келген мәдениет пен дін мен ұлттың құндылықтарына қайшы екенін қуаттады. 

Лондонның Метрополитен полициясы сенбі күні: «Лондонның оңтүстігіндегі Кройдон ауданында 6 адам 17 жастағы ирандыққа жасалған нәсілшіл шабуылға қатысты құрықталды»,-деп хабарлады.

Полицияның мәліметі бойынша, бұл ирандық жасөспірім екі досымен бірге жұма күні кешке аялдамада автобус күтіп тұрған кезде 8 адам оған  шабуыл  жасаған. Ирандық жасөспірім қазір Лондонның оңтүстігіндегі бір ауруханада жатыр. Оның денсаулық жағдайы басына тиген соққыға байланысты ауыр деп хабарланды.