Қазақстан Республикасының президенті Әзірбайжанға ресми сапармен барды
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев кеше дүйсенбі күні Әзірбайжан Республикасының президентімен ресми кездесу өткізу мақсатында Бакуға келді.
Екі ел басшыларының кездесуінде қос тарап саяси және экономикалық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту жолдары жайлы сұхбаттасты. ҚР президентінің Баку сапарының күн тәртібіне жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейту үдерісіндегі екі мемлекет қатынастарының келешегін қарастыру қойылды.
Шынтуайтында, Қазақстан өз энергиясын Азия мен Еуропаның тұтыну нарықтарына тарату жолдарын түрлендіруді мақсат етіп отыр. Азия бөлігіне тоқталатын болсақ, Қазақстанның Қытаймен энергетика саласындағы ынтымақтастығы Қазақстан энергиясын Азияның шығысындағы тұтыну нарықтарына тарату жолдарындағы бос кеңістікті белгілі бір дәрежеге дейін толтыра алды. Бірақ, Астана басшылары Еуропаның энергетика нарығына да қол жеткізуге мүдделі болып отыр. Сондықтан, Әзірбайжан Республикасы Қазақстан басшыларының назарындағы нұсқаларының ішінде сол мақсатқа жетудің жолы саналады.
Өздерін ең төмен бағамен қажетті энергиямен қамтамасыз ету мақсатындағы батыстық компаниялардың бастамасындағы жобалар аясында Каспий теңізі бассейніндегі энергияны Еуропаға тасымалдау саласындағы кейбір жобаларды ұсыну және Әзірбайжанның Каспий бассейні энергетикасын Еуропаға тасымалдаудағы транзит мекеніне айналуға ықыласы Астана мен Бакуді бір-бірімен ынтымақтастық жасауға ынталандырып отыр. Басқаша айтқанда, Қазақстан мен Әзірбайжан Республикаларының екеуі де бірдей Батысқа энергия экспорттау өткелі арқылы энергетика саласындағы белсенді мұнай өндіруші компаниялар мен мұнай картельдерінің инвестицияларын тартуды көздеуде. Сондай-ақ, Баку мен Астананың экономика саласындағы ынтымақтастығының негізі тек батыс елдеріне қажет энергияны экспорттау мәселесімен шектеліп қана қоймайды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы экономикалық тауарлар айналымы мен Еуропадан аймақтың тұтыну нарықтары үшін тауар импорттаудың жолын құру Астана мен Бакудің бір-бірімен бұрынғыға қарағанда қарқындырақ ынтымақтастық жасауға ықыласты екендігінің дәлелдерінің бірі саналады.
Осы орайда, Қазақстанның Баку-Тбилиси-Карс темір жолы магистралін пайдалану және тауар тасымалдау бағытын Транс Каспий атты жобасын Жібек жолының экономикалық белдеуі ретінде пайдалану мүмкіндігі өте бағалы саналады.
Екі елдің Каспий теңізі аймағына қатысты тауар айналымына қатыспауына қармастан, Қазақстан мен Әзірбайжан президенттерін өзара ынтымақтастық жасауға ынталандыратын нәрсе – екі елдің энергетика саласындағы белсенді батыс компанияларымен ынтымақтастық жасауда бір-бірінен үлгі алуы және әлемдік нарықтардағы мұнай және газ мәмілелері мен тауар айналымына әсер ету үшін бір-бірінің тәжірбиесін пайдалану мақсатында талпыныс жасау.
Басқа жағынан, Астана мен Бакудің саяси саладағы ынтымақтастықтарына Әзірбайжан тарапының Қазақстаннан күтетін үміттеріне сілтеме жасауға болады. Әсіресе, Әзірбайжан Республикасы Армениямен арадағы Қарабақ дауына қатысты қауіпсіздік текетірестің жаңа кезеңінің басталуымен қатар, осы мәселені шешуде Астананың әлеуетін пайдалануға қарсы еместігін білдіреді. Бір жағынан, Қазақстанның халықаралық мәселелерді шешуде атқарған рөлі, екінші жағынан Қарабақ дауына байланысты Мәскеудің Арменияны жасырын әрі ашық түрде қолдауы, Бакудің Астананың Кавказ нарығына кіру үмітінің деңгейін арттырудағы маңызды дәлелдерінің бірі болып табылады. Бұл тақырып Қазақстан басшыларының назарынан тыс қалмайтын мәселе. Себебі, Қарабақ дауын шешуде халықаралық бітімгерлер сәтсіздікке ұшырады. Сонымен қатар, Астана да халықаралық бедел мен абыройға ие болу мақсатында аймақтық және халықаралық даулы мәселелерді шешуге белсене араласуда.