Ресей Қауіпсіздік кеңесіне Сириядағы химиялық шабуылға байланысты қарардың жобасын ұсынды
Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің баспасөз хатшысы сәрсенбі күні кешке: "Мәскеу сирияның оңтүстігіндегі Идлиб облысындағы Хан-Шейхун аймағына жасалған химиялық шабуылға қатысты қарардың жобасын ұсынды",- деп мәлімдеді.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Федор Стрижижовский: "БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сириядағы Хан-Шейхун қаласында болған оқиғаға байланысты сәрсенбі күні кешке өткізген арнайы отырысында Ресей Батыстың асығыс әрі зейінсіз әзірлеген қарардың жобасын сынға алды.
Мәскеу ұсынған қарардың жобасы мұқият әзірлеген. Оның мақсаты осы оқиғаның мән-жайын анықтауда шынайы зерттеулер жүргізу болып табылады",- деді.
Сириядағы Хан-Шейхун аймағына жасалған химиялық шабуыл мәселесін қарастыру мақсатындағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің арнайы отырысы Сириядағы лаңкестердің негізгі қолдаушылары Ұлыбритания, Франция және АҚШ-тың талпыныстарымен өткізілді. Бұл отырыс Сирия үкіметін айыптауға бағытталған Батыс елдерінің ұсынған жобасына дауыс бермей аяқталды.
Отырыс барысында Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілінің орынбасары Владимир Сафронков лаңкестердің химиялық қаруды пайдалану арқылы Сирия үкіметінің беделін түсіруді көздеп отырғанына сілтеме жасап: "Лаңкестер өздерінің қолдаушыларымен келісе отырып, Сирия үкіметіне қарсы әскери амалдар бастауға сылтау іздеп отыр",- деді.