Стокгольм кеше осы елде орын алған шабуылдың лаңкестік екендігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i25870-Стокгольм_кеше_осы_елде_орын_алған_шабуылдың_лаңкестік_екендігін_қуаттады
Швецияның премьер-министрі осы елдің астанасы Стокгольмде жүк көлігімен жаяу жүргіншілерге жасалған шабуылды лаңкестік шабуыл деп атады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 08, 2017 13:54 Asia/Almaty
  • Стокгольм кеше осы елде орын алған шабуылдың лаңкестік екендігін қуаттады

Швецияның премьер-министрі осы елдің астанасы Стокгольмде жүк көлігімен жаяу жүргіншілерге жасалған шабуылды лаңкестік шабуыл деп атады.

Ұлыбританиялық The Daily Telegraph газетінің сайтында жарияланған хабарламаға сәйкес, Швецияның премьер-министрі Стефан Ловфен: "Барлық айғақтар жұма күні елдің астанасы Стокгольм қаласында орын алған шабуылдың лаңкестік шабуыл болғанын растайды. Осыған байланысты екі күдікті қамауға алынды",- деп қуаттады.

Швеция полициясы жұма күні: "Швеция астанасы Стокгольмдегі жүк машинасының жаяу жүргіншілермен соқтығысуы салдарынан кемінде үш адам қаза тауып, он екі адам жарақат алды", - деп хабарлады.