Рухани мен Путин телефон арқылы сұхбатта Сирияға қолдау көрсетуді жалғастыруды қуаттады
(last modified Mon, 10 Apr 2017 08:00:56 GMT )
Сәу 10, 2017 14:00 Asia/Almaty
  • Рухани мен Путин телефон арқылы сұхбатта Сирияға қолдау көрсетуді жалғастыруды қуаттады

ИИР мен РФ президенттері телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын зорлық-зомбылық деп атап, оның халықаралық адам құқықтары мен БҰҰ-ның Жарғысына қайшы келетінін айтып, Сирия халқына қолдау көрсетуді жалғастырудың қажеттігін қуаттап, бұл шабуылды тек лаңкестерге көрсетілген көмек деп атады.

ИИР президенті Хасан Рухани жексенбі күні кешке Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сұхбатта АҚШ-тың жұма күні таңертең Сирияға жасаған зымырандық шабуылын тәуелсіз бір мемлекеттің егемендігін ашық түрде бұзушылық ретінде айыптап, біржақты әрекетті БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қарастырып, оны айыптау қажеттігін қуаттады.

Рухани Сириядағы химиялық қару пайдалануды айыптап: "Сириядағы лаңкестер  химиялық қаруларға қолжетімділікке ие. Сондықтан АҚШ-тың шабуылдары лаңкестік топтардың химиялық қаруларды пайдалануына себеп болады",- деді.

РФ президенті Владимир Путин де телефон арқылы сұхбатта АҚШ-ның Сирияға шабуылын зорлық-зомбылық әрекет ретінде айыптап: "Бұл қабылдауға келмейтін әрекет әрі лаңкестерге қолдау көрсету үшін жасалған талпыныс болып табылады»- деп мәлімдеді.

Путин АҚШ-тың «химиялық қару пайдаланды» деген сылтаумен Сирияға жасаған зымырандық шабуылын алдын ала жоспарланған әрекет деп атап: "АҚШ-тың Сирияда жасаған әрекеттері, соның ішінде оның соңғы зымырандық шабуылы Сирия мәселесін шешуге көмектесе алмайды",- деді.