Ресей Американың қарама-қайшы әрі алаңдатарлық тұрғы ұстануын сынады
(last modified Wed, 12 Apr 2017 17:39:58 GMT )
Сәу 12, 2017 23:39 Asia/Almaty
  • Ресей Американың қарама-қайшы әрі алаңдатарлық тұрғы ұстануын сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Американың аймақта тұрғы ұстануын қарама-қайшы әрі алаңдатарлық деп атады.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сәрсенбі күні Мәскеуде өзінің америкалық әріптесі Рекс Тиллерсонмен кездесуде: «Американың Ресеймен байланыс туралы тұрғысы қарама-қайшы. Аймақ Вашингтонның Сирияға шабуыл жасауы туралы алаңдатарлық әрекеттеріне куә болып отыр.

Мәскеудің саясаты халықаралық заңдарға берік болу қажеттілігіне негізделген. Мәскеу халықаралық заңдарға негізделген сындарлы әрі тең сұхбаттарды бастауға дайын.

Американың Сирияға шабуылдары қайталанбауы маңызды. Мәскеу мен Вашингтон арасындағы ынтымақтастықтың келешегі анықталуы керек» деді.

Рекс Тиллерсон де осы кездесуде Мәскеудің Иран ислам республикасымен байланысын үзуін сұрады. Бұл тақырып Ресей қайраткерлерінің кері реакциясына тап болды.