Қазақстан Әлемдік Сауда Ұйымының Сауда және қоршаған орта комитетінің басшысы болып сайланды
Қазақстан СІМ осы елдің Швейцариядағы елшісінің Әлемдік Сауда Ұйымының сауда және қоршаған орта комитетінің басшысы болып сайланғанын хабарлады.
Әлемдік Сауда Ұйымының Бас кеңесі Қазақстанның Швейцариядағы елшісі әрі осы елдің Женевадағы БҰҰ-ғы тұрақты өкілі Жанар Айтжанованы Әлемдік Сауда Ұйымының сауда және қоршаған орта комитетінің басшысы етіп тағайындады.
Қазақстан СІМ осы хабарды жариялап, өкілінің Әлемдік Сауда Ұйымының Сауда және қоршаған орта комитетінің басшысы лауазымына тағайындалуын ұйым мүшелерінің Астанаға деген жоғары сенімінің көрсеткіші деп атап: «Қазақстан өкілінің осы қызметке үміткерлігі азиялық дамушы елдердің аймақтық тобы арқылы орын алды. Астана ол топқа 2016 жылдың қараша айында қосылды» деді.
Әлемдік Сауда ұйымы министрлерінің он бірінші конференциясы биылғы жылдың желтоқсан айының 11-14 күндері Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында өткізіледі.
Әлемдік Сауда Ұйымы әлемдік сауда заңдарын реттеп, мүшелер арасындағы келіспеушіліктерді шешетін халықаралық ұйым болып табылады.
Әлемдік Сауда ұйымының штабы Женевада орналасқан. 2016 жылға дейін әлемнің 164 елі осы ұйымға мүше болып кірді.