Солтүстік Кореяның басшысы елдің астанасынан тұрғындарды шығаруға бұйрық берді
https://itolqyn.com/news/world-i26068-Солтүстік_Кореяның_басшысы_елдің_астанасынан_тұрғындарды_шығаруға_бұйрық_берді
АҚШ-тың Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққысынан кейін осы елдің басшысы Пхеньянды шұғыл түрде босатуға бұйрық берді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 14, 2017 18:14 Asia/Almaty
  • Солтүстік Кореяның басшысы елдің астанасынан тұрғындарды шығаруға  бұйрық берді

АҚШ-тың Солтүстік Кореяға әскери шабуыл жасау туралы қоқан-лоққысынан кейін осы елдің басшысы Пхеньянды шұғыл түрде босатуға бұйрық берді.

Al-Alam ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Ұлыбританияның «Daily Express» газеті: «Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын АҚШ-пен арадағы қайшылығы артқан соң ел астанасы Пхеньянды босатуға бұйрық берді»,-деп хабарлады. Осы дереккөзі ресейлік ақпарат құралдарына сілтеме жасап, Солтүстік Корея астанасындағы шамамен 600 мың тұрғынның басқа жерлерге көшірілгенін хабарлады. Соңғы апталарда АҚШ басшылары Солтүстік Кореяға егер осы ел тағы бір рет зымырандық сынақ өткізетін болса, оған әскери шабуыл жасайтынын айтып, бірнеше рет қоқан-лоққы жасаған болатын.