Карзай Ауғанстанды америкалықтардың қылмыстарынан құтқаратынын қуаттады
Ауғанстанның бұрынғы президенті жалғыз өзінің Америкаға қарсы тұратынын және өз елін америкалықтардың қылмыстарынан құтқаратынын қуаттады.
ИРНА-ның хабарлауынша, Хамед Карзай бүгін сенбі күні Кабулде өткен отырыста осылай мәлімдеп: «Бүгіннен бастап Ауғанстанның ұлттық бірлік үкіметін ресми деп танымаймын, өйткені Американың Нәнгархар уалаятында атомдық емес бомбаны сынақтан өткізуі осы елді қорлау әрекеті болды» деп мәлімдеді.
Хамед Карзай Американың Ачин қаласына 10 мың килограмдық бомба тастауын айыптап, Ауғанстан халқын америкалықтардың өз еліндегі қылмыстарына қарсы тұруға шақырып: .
«Американың осы әрекетінің қатерлері мен салдарлары осы елдің халқына ондаған жыл әсерін тигізеді» деді.
АҚШ армиясы бейсенбі күні түстен кейін Ачин қаласының маңында атомдық емес бомбаны сынақтан өткізді. Соның салдарынан ондаған адам қаза тапты.
"Бомбалардың анасы" деп аталатын бомба 11 тонна тротилден тұрады.