Мұхаммад Джавад Зарифтің Орта Азия мен Кавказ елдеріне сапарының мақсатын жариялады
Иран Сыртқы істер министрі өзінің Орта Азия мен Кавказ аймағы елдеріне сапарының мақсаттарының бірін көршілес елдермен екіжақты саяси-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейту деп атады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф жексенбі күні кешке Түркіменстанның астанасы Ашхабадқа келгеннен кейін Иранның сыртқы саясатының ең маңызды басымдылығын көршілес елдермен қатынастарды жақсарту деп атап: "Теһран көршілес елдерге мұнайдан тыс өнімдері экспортының көлемі мен инжинерлік-техникалық қызметтердің артуы үшін қажет жағдайлар мен негіздерді дамытуға мүдделі.
Қара теңіз бен Парсы шығанағы және Үнді мұхитын байланыстыру мақсатында Грузиямен транзиттік ынтымақтастық жасайтын мүмкіндік бар. Бұл мәселе осы сапар барысында қарастырылмақ.
Иранның Орта Азия және Кавказ елдерімен транзит мәселесі тұрғысынан экономикалық ынтымақтастықтары мен мүмкіндіктері өте кең",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі аймақтағы әсірешілдік пен лаңкестік қаупіне сілтеме жасап, бұл қатерлі құбылыспен бірігіп күресу қажеттігін қуаттады.