Зариф Иран мен Түркіменстанның аймақ пен халықаралық қарым-қатынастардағы сындарлы рөлін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i26210-Зариф_Иран_мен_Түркіменстанның_аймақ_пен_халықаралық_қарым_қатынастардағы_сындарлы_рөлін_қуаттады
Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастардың тәуелсіз және бейтарап негіздер бойынша орнатылып, екі елдің аймақ пен халықаралық қарым-қатынастарда бір-бірін толықтыратынын қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 18, 2017 14:05 Asia/Almaty
  • Зариф Иран мен Түркіменстанның аймақ пен халықаралық қарым-қатынастардағы сындарлы рөлін қуаттады

Иран Сыртқы істер министрі Иран мен Түркіменстан арасындағы қарым-қатынастардың тәуелсіз және бейтарап негіздер бойынша орнатылып, екі елдің аймақ пен халықаралық қарым-қатынастарда бір-бірін толықтыратынын қуаттады.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Ашхабадта Түркіменстан Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық қарым-қатынастар институтының ұстаздары мен студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде: «Көршілестік тарихы, көптеген мәдени, діни және географиялық ортақ мәселелер Иран мен Түркіменстанның арасында ажырамас байланыс орнатты. Иран мен Түркіменстан – бейберекеттік, террор мен экстремизмге толы аймақта өзара саяси, мәдени, экономикалық және халықаралық қарым-қатынастар орнатқан қауіпсіз әрі тұрақты елдер. Иран мен Түркіменстан Ауғанстанда тұрақтылық, Орталық Азия мен Кавказ аймағында тыныштық орнатып, эксремизм мен лаңкестікке қарсы тұру үшін бірге тұр»,- деді.

Мұхаммад Джавад Зариф Түркіменстан сапарының соңында дүйсенбі күні кешке осы аймақтағы сапарын жалғастырып, қарым-қатынастарды дамыту мақсатында Грузияға келіп жетті.