Тбилиси Теһранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытады
(last modified Wed, 19 Apr 2017 09:07:27 GMT )
Сәу 19, 2017 15:07 Asia/Almaty
  • Тбилиси Теһранмен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытады

Грузия Президенті Теһран мен Тбилиси қарым-қатынастарының жақсы алға ілгерілеуіне тоқталып, Тбилисидің Теһранмен қарым-қатынастарын кеңейтуді қалайтынын айтты.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили сейсенбі күні Тбилисиде Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зарифпен кездесуінде Иранның бай мәдениетін мадақтап: «Бұл ерекшелік Грузияға көп әсерін тигізді, сондықтан екіжақты мәдени ынтымақтастықтарды одан әрі арттыру қажет»,- деді.

Зариф те  бұл кездесуде Грузия үкіметінің қонақжайлығына алғыс айтып: «Екі елдің халқы жақын қарым-қатынастарға ие. Осыған орай ИИР Грузиямен арадағы қарым-қатынастарын кеңейтіп, тереңдетуге дайын»,- деп қуаттады.

Маргвелашвили мен Зариф сонымен бірге сауда, экономика, банк, ауылшаруашылығы, тұтқындармен алмасу, Парсы  шығанағы-Қара теңіз транзит жолына қатысты ынтымақтастықтар туралы пікір алмасты.

Зариф Грузия Президентімен кездесуден бұрын бұл елдің Премьер-министрі Георгий Квирикашвили, Сыртқы істер министрі  Михаил Джанелидзе және Парламент Төрағасы Иракли Кобахидземен кездесіп, сөйлесті.

Иран Сыртқы істер министрі Грузия басшыларымен келіссөздерін аяқтаған соң Бішкекке келіп жетті.