Зариф: Иран Қырғызстанмен қарым-қатынасты кеңейтуге дайын
Иран Сыртқы істер министрі Иранныі Қырғызстанмен қарым-қатынасына шек қоймайтынын, барлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын екендігін мәлімдеді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Бішкекте Иран мен Қырғызстан экономикалық бірлескен форумында екі ел арасында түрлі құжаттарға қол қоюға себеп болған Иран президенті Хасан Руханидің 2016 жылғы желтоқсанда Бішкекке жасаған сәтті сапарынан кейінгі өзінің осы елге сапарын екі ел арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуге жағдай жасап отыр деп бағалады.
Зариф Иранның үкіметтік және жекеменшік бөлімінен экономикалық жоғары деңгейлі делегацияның осы сапарда өзімен келудегі мақсатын барлық негіздерде екі елдің байланыстарын кеңейту деп атап: «Екі елдің кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері арасындағы бірлескен отырыс пен мәміленің нәтижесі келісімшарттар жасауға және екі елдің мүддесі бағытында байланыстарды ілгерілету үшін бұрынғы келісімшарттарды қарастыруға жағдай жасайды « деген үміт білдірді.
Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы аймақ пен әлемдегі лаңкестік қауіп-қатерлеріне сілтеме жасап: «Ынтымақтастық жасау және мәдениеттерді кеңейту әсірешілдік пен лаңкестікке тосқауыл қоюдың ең маңызды тәсілдеріне жатады» деді.