Зариф Қырғызстан президентімен кездесуде қос жақты байланыстарды кеңейтуді қуаттады
Сәу 20, 2017 07:53 Asia/Almaty
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуде екі жақты байланыстар мен екі тарапты қызықтыратын мәселелер жөнінде сұхбаттасып, ынтымақтастықтарды кеңейту үшін екі жақты келісімдерді пайдалану қажеттігін қуаттады.
Атамбаев пен Зариф саяси деңгейде ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруды, банк саласындағы ынтымақтастықтарды белсенді етіп, инфрақұрылымдар, инвестиция және сауда- саттық үшін анық шаралар бағдарламасын жасауды қуаттады. Зариф сондай-ақ өзінің қырғыз әріптесі Ерлан Абдоллаевпен бірлескен ақпарат отырысынд екі елдің экономикалық және саяси байланыстарының жалғасатынын баса айтты.
Тегтер