Татарстан республикасының президенті Хорасан Разави облысымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделік танытты
(last modified Thu, 20 Apr 2017 16:20:25 GMT )
Сәу 20, 2017 22:20 Asia/Almaty
  • Татарстан республикасының президенті Хорасан Разави облысымен қарым-қатынасты кеңейтуге мүдделік танытты

 Ресейдің Татарстан республикасының президенті: Хорасан Разави облысы мен осы республиканың сауда және экономикалық байланыстары екі тараптың мүмкіндіктеріне сай емес. Екіжақты байланыстар кеңейтілуі керек» деді.

Татарстан республикасының президенті Рустем Минниханов бейсенбі күні Иранның солтүстік- шығысында Машһад қаласында Хорасан Разави облысының әкімі Әлиреза Рашидиянмен кездесуде: «Екі елдің жоғары мәртебелі басшылары экономикалық байланыстарды күшейтіп, кеңейтуге мүдделі. Сол себепті Татарстан республикасы Иран ислам республикасының түрлі облыстарымен өз қарым- қатынасын күшейтуге талпыныс жасауда»  деді.

Минниханов Хорасан Разавиді ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тарихи және туристік тұрғыдан Иранның дамыған облыстарының бірі деп атап, Машһадтың ислам әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы ретінде таңдалуын Татарстанмен ынтымақтастықтарды кеңейту үшін маңызды мүмкіндік деп атап:

«Машһадта Татарстан консулдығын ашу ұсынысы екі тараптың байланыстарын кеңейтуде әсерлі бола алады» деді.

Татарстан республикасының президенті сәрсенбі күні кешке бір делегацияны бастап, Иранның солтүстік- шығысындағы Хорасан Разави облысының атқарушылық және экономикалық басшыларымен  кездесу үшін осы облыстың орталығы Машһад қаласына келді.