АҚШ өз міндеттемелерін орындауға міндетті
(last modified Fri, 21 Apr 2017 12:50:51 GMT )
Сәу 21, 2017 18:50 Asia/Almaty
  • АҚШ өз міндеттемелерін орындауға міндетті

Ақ үй басшылары өткен бірнеше күнде Иранға қарсы әрекеттерін қайтадан бастады. АҚШ Иранның ядролық мәселесіне қатысты жоспарлары нәтижеге жетпей, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қойылғаннан кейін Иранға қарсы дұшпандық әрекеттерінен бас тартуға дайын еместігін көрсетті.

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Риад сапарында айтқан негізсіз уәжінде Иранды аймақта тұрақсыздық орнатушы деп айыптады. Оның сөзімен тұспа-тұс АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон да: «Теһранның ядролық қаруға қол жеткізуіне тыйым салатын Иранның ядролық келісімі («Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы) сәтсіздікке ұшырады. Аталмыш келісім Иранның ядролық қару шығаруын тек кейінге шегерді. Бұл келісім – өткендегі сәтсіздіктеріміздің көрінісі. Бүгін біз Солтүстік Кореядағы қатерлі жағдаймен бетпе-бет келудеміз»,- деді. Бұл уәждер Тиллерсонның АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының спикері Пол  Райанға жазған хатында Иранның  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болғанын, Ақ үй санкция салуды 90 күнге кейінге қалдыратыны туралы жариялаған кезде айтылуда.

Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф Тиллерсонның сөзіне реакция білдіріп: «АҚШ-тың негізсіз уәждері  бұл елдің Иранның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болғанын жасыра алмайды»,- деді. Ол Твиттердегі өз парақшасында: «АҚШ өз жолын өзгертіп, міндеттемелерін орындауға міндетті»,- деп жазды.  Зарифтің пікірінше, АҚШ-тың қастықтары мен әрекеттері «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының жетістіктерін маңызды емес деп көрсету мақсатын көздейді. АҚШ-тың әрекеттеріне мән бермеуге болмайды. Мұндай уәжер тек сөзбен айту кезеңінен өтіп, АҚШ-тың сыртқы саясатының бір мәселесі ретінде баяндалған кезде шешім халықаралық  негіздер және Қауіпсіздік кеңес деңгейінде  қабылданғаны жөн. Зарифтың Тиллерсонға берген жауабы АҚШ пен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысқан басқа тараптарға аталмыш келісімнің екіжақты екенін еске салып, егер, екінші жақ оны бұзса, Иранның өз міндеттемелеріне табанды қалуының қажет емес  екендігін қуаттады.

АҚШ басшылары «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудың орнына үздіксіз Иранды аймақ елдерінің істеріне араласады деп айыптауда. Бұл – шындықты өзгертіп, қате мәлімет беру. Ақ үй қайраткерлерінің және бұл елдің Қорғаныс министрі мен Мемлекеттік хатшысының Иран туралы сөздері негізінде АҚШ-тың Иранға қатысты жаңа сценарийінің бір бөлімі  болуы мүмкін. Негізінде, АҚШ-тың екі мақсаты бар: бірінші мақсаты – аймақта Ираннан үркіту саясатын жалғастыру; екінші мақсаты – Иранның аймақ пен халықаралық саладағы рөлін төмендету үшін жұмсақ қарсыластығын  жүргізуі саналады. Бұл екі мақсат АҚШ-тың аймаққа араласып, «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын орындауға кедергі жасайтынын көрсетеді.