Көне өркениеттер сұхбаттасу мен баршаның атсалысуын таратуға жауапты
Иран Сыртқы істер министрі Зариф: «Көне өркениеттердің мұрагерлері өзара құрмет бойынша әлемдік саясаттан жаңа үлгі құру үшін сұхбаттасу мен жалпының атсалысуын таратуда көшбасшы болуға тарихи жауапкершілікке ие» деді.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Грекия астанасы Афиныда әлемнің 10 көне өркениетінің саммитінде сөйлеген сөзінде: «"Көне өркениеттер ассамблеясын" құру бастамасы бүгінгі әлемде өркениеттердің рөлін ресми тануда орынды да бағалы шара. Адамзат қоғамы бүгінде ортақ түйткілдерге, соның ішінде тұрақты даму, қоршаған ортаны қорғау, кедейшілікті жою және әсірешілдік пен лаңкестік деген жаңа құбылыстармен күрес мәселелеріне шырмалып отыр.
Көне өркениеттердің мұрагерлері терең тарихи түсінікке ие болу арқылы әлемде қантөгіс, қатыгездік, артта қалушылық және әсірешілдікке себеп болып отырған қазіргі түйткілдерді шешуі керек» деді.
Иран Сыртқы істер министрі сөзінің соңында Иранның бұрынғы президентінің "Өркениеттер диалогы" ұсынысы мен оның 2011 жылы БҰҰ-да бекітілуі және Иранның қазіргі президентінің "Қатыгездік пен әсірешілдіктен ада әлем" атты бастамасына сілтеме жасап: «Көне өркениеттер адамзат қоғамының қазіргі көптеген мәселелері шеші үшін сұхбаттасу мен бірқалыптылықты ұсыну мен жоғарылатуда тарихи көшбасшы болып табылады» деді.