Иран мен Пәкістан екіжақты байланыстарды кеңейтіп, нығайтуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i26438
Иран президенті мен Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы екі елдің байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейтіп, күшейтіп, жан- жақты нығайту қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 24, 2017 23:01 Asia/Almaty
  • Иран мен Пәкістан екіжақты байланыстарды кеңейтіп, нығайтуды қуаттады

Иран президенті мен Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы екі елдің байланыстары мен ынтымақтастықтарын кеңейтіп, күшейтіп, жан- жақты нығайту қажеттігін қуаттады.

Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының мәлімдеуі бойынша Хасан Рухани дүйсенбі күні Пәкістан ұлттық мәжілісінің төрағасы Сардар Аяз Садықты қабылдауда сондай-ақ Иранның энергия саласында Пәкістанның қажеттіліктерін шешуге  әзірлігін мәлімдеді.

Иран президенті осы кездесуде Иран газын Пәкістанға жеткізетін құбыр жолының Пәкістан шекарасына дейін жеткенін мәлімдеді.

Рухани Чабахар мен  Гвадар порттарының Иран мен Пәкістан және аймақтағы өзге елдер үшін оң өзгерістер әкеле алатындығына үміт білдірді.

 Пәкістанның ұлттық мәжілісінің төрағасы да осы кездесуде Гвадар мен Чабахар порттары арасындағы ынтымақтастықтарды кеңейтуді екі елдің экономикалық байланыстарын күшейтуде маңызға ие деп бағалап, Қытай мен Пәкістан арасында жаңа байланыс дәлізінің құрылғанына сілтеме жасап, Иранның осы байланыс жолын құруға атсалысуына мүдделік танытты.

Сондай- ақ Аяз Садық Пәкістанның энергия саласында Иранның мүмкіндіктерін, әсіресе газ жеткізілімін пайдалануға мұқтаж екендігіне сілтеме жасап Пәкістанның Ираннан Пәкістанға бейбітшілік газ құбыр жолын аяқтауға қатысты ықыласын қуаттады.