Қазақстан мен Мәскеуде "Мұхаммед – Алланың елшісі" көркем фильмі көрсетілуде
https://itolqyn.com/news/world-i26442-Қазақстан_мен_Мәскеуде_Мұхаммед_Алланың_елшісі_көркем_фильмі_көрсетілуде
Қазақстан мен Мәскеуде ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетіне кіріскен күнімен орайлас "Мұхаммед – Алланың елшісі" көркем фильмі экранға шықты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 24, 2017 23:18 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Мәскеуде

Қазақстан мен Мәскеуде ардақты пайғамбардың (с.ғ.с.) пайғамбарлық міндетіне кіріскен күнімен орайлас "Мұхаммед – Алланың елшісі" көркем фильмі экранға шықты.

"Нур Табан" кино тарату бюросының атқарушы директоры Мұхаммад Реза Сабери "Мұхаммед – Алланың елшісі" көркем фильмінің аталмыш елдерде экранға шығуы туралы: «Бұл фильм кеше, жексенбіден бастап Қазақстанның 41 кинотеатр кешенінде көрсетіліп жатыр. Қазақстанда 128 кинозалы бір мезгілде осы фильмді көрсетті.

Хазірет Мұхаммадтың пайғамбарлық міндетіне кіріскен күніне орай "Мұхаммед – Алланың елшісі" көркем фильмі Қызыл алаңдағы сауда орталықтарының бірінде Мәскеу кинотеатрында көрсетіледі. Осы фильмді Мәскеуде 60 кинотеатр көрсетеді» деді.