Иран мен Үндістанның аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы маңызды
Иран мен Үндістан Қорғаныс министрлері екі елдің аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты кеңейтудегі ынтымақтастықтарының маңыздылығын қуаттады.
Иранның Қорғаныс министрі Сардар Дехқан Мәскеудегі халықаралық қауіпсіздік отырысының аясында Үндістан Қорғаныс министрімен кездесуінде: «Екі елдің мәдениеті мен өркениетінің ортақ тұстары мен геополитикалық және геостратегиялық маңыздылығына байланысты Иран мен Үндістанның саяси, әскери және қауіпсіздік салаларындағы ынтмақтастықтары аймақ қауіпсіздігін жақсартуға көмектесе алады»,- деді.
Иранның Қорғаныс министрі экстремизм, лаңкестік, есірткі контрабандасы, теңіз қарақшыларымен күресу мен әртүрлі салалардағы тәжірибелермен алмасуды екі елдің қарым-қатынастарын стратегиялық деңгейге дейін кеңейтуге себеп болатын мәселелер екенін қуаттады.
Үндістан Қорғаныс министрі Арун Джейтли кездесуде: «Ортақ тарих пен өркениет Иран мен Үндістанды аймақтың қауіпсіздігін қорғау саласындағы қарым-қатынастарын кеңейтуге жігерлендірді»,- деді.