Путиннің арнайы өкілі ертең Теһранда Шамханимен кездеседі
https://itolqyn.com/news/world-i26486
Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен кездесіп, әңгімелесу мақсатында ертең, бейсенбі күні Теһранға сапар шегеді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Сәу 26, 2017 22:24 Asia/Almaty
  • Путиннің арнайы өкілі ертең Теһранда Шамханимен кездеседі

Ресей президентінің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысымен кездесіп, әңгімелесу мақсатында ертең, бейсенбі күні Теһранға сапар шегеді.

Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия ісі бойынша арнайы өкілі Александр Лавреньтевтің Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Шамханимен кездесіп, әңгімелесу үшін Теһранға сапар шегудегі мақсаты саяси, әскери және қауіпсіздік ортақ бастамаларды алға жылжыту үшін кеңесу болып табылады.

Осы мәліметке сәйкес, Лавреньтев Шамханимен кездесуде аймақ өзгерістері, лаңкестікке тосқауыл қою үшін жан-жақты ынтымақтастықтарды кеңейту саласындағы жаңа қажеттіліктер мен Сирия дағдарысын тоқтату қою жөніндегі Путиннің көзқарастарын жеткізеді.