Ресей Американың Сирия дағдарысының әлемдік шешім жолын бұзу шарасын сынады
(last modified Wed, 26 Apr 2017 16:35:42 GMT )
Сәу 26, 2017 22:35 Asia/Almaty
  • Ресей Американың Сирия дағдарысының әлемдік шешім жолын бұзу шарасын сынады

Ресей Сыртқы істер министрі Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылын лаңкестікке қарсы әлемдік майданға соққы беру факторы деп атады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде халықаралық қауіпсіздіктің жылдық отырысында сөйлеген сөзінде: «Американың 7 сәуір күні таңертең Сириядағы әуе базасына жасаған әуе шабуылдары осы елдегі режимді өзгерту үшін сылтау болды. Осы әрекет Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге қол жеткізуге нұқсан келтірді.

Американың Сириядағы "әл- Ашират" базасына жасаған жуықтағы шабуылы халықаралық заңдарды әшкере  түрде бұзу және тәуелсіз елге қарсы жасалған шапқыншылық саналады. Осы әрекет қиыншылықтарды арттырды» деді.

Ресей Сыртқы істер министрі сөзінің келесі бір бөлімінде Корея түбегінде әскери күш қолданудың апатты салдарларын да ескертіп: «Мәскеу Солтүстік Кореяға қатысты әлемдік қауымдастықтың тұтас тұрғысын қолдайды» деді.