Қытай Америкадан зымырандық құрылғысын Оңтүстік Кореядан әкетуді талап етті
(last modified Thu, 27 Apr 2017 06:34:20 GMT )
Сәу 27, 2017 12:34 Asia/Almaty
  • Қытай Америкадан зымырандық құрылғысын Оңтүстік Кореядан әкетуді талап етті

Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы Американың зымырандық құрылғысының радарларын Оңтүстік Кореяға орналастыру әрекетіне көрсеткен реакцияда осы жобаны орындауды тоқтатуды және бұл құрылғыны толығымен әкетуді талап етті.

Қытай СІМ-нің ақпарат хатшысы «Американың зымырандық құрылғысын Оңтүстік Кореяға орналастыруы текетірестердің күшеюіне себеп болады. Осы екі ел бұл бағдарламаны іске асырудан бас тартып, барлық тиісті жабдықтарды аймақтан шығаруы керек. Бейжің Американың зымырандық құрылғысын Оңтүстік Кореяға орналастыруына үзілді-кесілді қарсылық танытады, өйткені бұл әрекет ядролық мәселені шешуге және Корея түбегінде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға көмектеспейді» деді.