Солтүстік Корея жаңа зымырандық сынақ өткізді
(last modified Sat, 29 Apr 2017 08:21:18 GMT )
Сәу 29, 2017 14:21 Asia/Almaty
  • Солтүстік Корея жаңа зымырандық сынақ өткізді

Солтүстік Корея сенбі күні баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея әскерінің ортақ штабы өз баяндамасында: «Солтүстік Корея сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 5:30-да Пхёнан-Намдо облысына типі белгісіз бір баллистикалық зымыранды солтүстік-шығыс бағытта атты. Бұл зымыранның қандай қашықтыққа дейін ұшқаны әзірше белгісіз. Алайда, сынақ сәтсіздікке ұшырады"- деді.

Сенбі күні Пхёнан-Намдодағы зымырандық сынақ АҚШ Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның БҰҰ-нан Солтүстік Кореяға қысым жасау туралы өтінішінен бірнеше сағаттан кейін жасалды.