Путиннің 2018 жылы өтетін сайлауда бәсекелесі жоқ
Ресейдегі жаңа сауалнама қорытындысы осы елдің президенті Владимир Путиннің, егер 2018 жылғы президенттік сайлауға қатысса, бәсекелесінің жоқ екенін көрсетті.
Сейсенбі күні жарияланған «Левада-Центр» сауалнама орталығының зерттеу нәтижелері бойынша Ресей халқының 48 пайызы осы елдегі алдағы президенттік сайлауда Владимир Путинге дауыс беретіндіктерін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысушылар коммунистік партияның төрағасы Геннадий Зюганов пен үміткер болуы ықтимал Либерал-демократиялық партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийге үш-үш пайыз дауыс берітіндіктерін мәлім етті. «Прогресс» заңсыз партиясының жетекшісі Алексей Навалный да тек бір пайыз ғана оң дауысты иемденді. Ресей халқының 19 пайызы әзірше қай үміткерге дауыс беретіндіктері туралы шешім қабылдамаған. Ресейдегі алтыншы президенттік сайлау 2018 жылдың наурыз айында өтеді.