Кабулде 8 америкалық әскери өлтірілді
https://itolqyn.com/news/world-i26716
ДАИШ Ауғанстанда АҚШ елшілігінің маңында болған жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алумен қоса 8 америкалық әскеридің қазаға ұшырағанын және 25 кісінің жараланғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 03, 2017 21:17 Asia/Almaty
  • Кабулде 8 америкалық әскери өлтірілді

ДАИШ Ауғанстанда АҚШ елшілігінің маңында болған жарылыстың жауапкершілігін өз мойнына алумен қоса 8 америкалық әскеридің қазаға ұшырағанын және 25 кісінің жараланғанын хабарлады.

Жанкешті өзімен бірге алып келген жарылғыш затты Кабул қаласының тоғызыншы аумағындағы "Абдолхақ" жол қиылысының маңындағы үшінші шағын ауданда шетелдік әскерилердің танктерінің алдында жарып жіберген. Кабулдегі АҚШ елшілігі осыдан екі күн бұрын өз азаматтарына осы қаладағы лаңкестік шабуылдар туралы ескертіп, олардан Ауғанстанға сапар шегуден бас тартуды сұрады.