Иран Сыртқы істер министрі Исламабадта Пәкістанның Ішкі істер министрімен кеңесті
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Исламабадта Пәкістанның Ішкі істер министрі Чудри Несар Әлиханмен кездесіп, түрлі мәселелер, соның ішінде қауіпсіздік мәселесі туралы сұхбаттасты.
Өткен сәрсенбі күні Пәкістан мен Иран шекарасының маңында бірнеше ирандық шекарашының шәһид болуына соқтырған лаңкестік шабуылды қарастыру мақсатында Исламабадқа сапар шеккен Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф сәрсенбі күні Пәкістанның Ішкі істер министрі Чудри Несар Әлиханмен кездесіп, екі елдің шекаралық ынтымақтастықтарын күшейту және лаңкестікпен күресу жолдары туралы сөйлесті.
Мұхаммад Джавад Зариф пен Чудри Несар Әлихан осы кездесуде Иран мен Пәкістан шекараларында қауіпсіздікті күшейтіп, лаңкестік топтардың кіру жолдарын жабуды қуаттады.
26 сәуір, сәрсенбі күні Иранның Пәкістанмен шекарасында лаңкестердің торуылдауымен Иранның Систан мен Балучистан облысына қарасты "Мирджаве" аймағында 9 шекарашы патрульдік миссиясын атқаруы кезінде шәһид болды. Лаңкестер жараланған шекарашылардың бірін Пәкістанға алып кетті.
Осы лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін "Джейш ал-Золм" тәкфирлік лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр.