Сауд Арабиясының БҰҰ-ның әйелдер құқығы комиссиясына мүше болуы өкініш тудырады
Өздерін демократия және адам құқығы бойынша көшбасшы санайтын кейбір еуропалық мемлекеттер бейсенбі күні Сауд Арабиясының БҰҰ-ның әйелдер құқықтары комиссиясына мүше болуына оң дауыс берді.
«Russia Today» телеарнасының мәліметі бойынша, Сауд Арабиясының Адам құқығы комиссиясына мүше болып кіруі үшін жиналған 54 мемлекет өкілдерінен тек жетеуі ғана қалыс дауыс берді.
Дауыс беріліп, Сауд Арабиясы әйелдер құқығы комиссиясына мүше болып кіргеннен кейін еуропалық мүмлекеттердің көбісі өздерінің дауыс бергенін жариялаудан бас тартты. Тек бір еуропалық мемлекет қана, атап айтқанда Бельгия Риядқа оң дауыс бергенін жария етті. Бұл өкінішті әрекет болды.