Америкалық БАҚ Трамптың жүз күн президенттігі жарнамасын таратудан бас тартты
(last modified Sat, 06 May 2017 17:10:39 GMT )
Maм 06, 2017 23:10 Asia/Almaty
  • Америкалық БАҚ Трамптың жүз күн президенттігі жарнамасын таратудан бас тартты

Американың CBS, ABC, CNN және NBC телеарналары осы елдің президенті Дональд Трамптың жүз күн президенттігі кезіндегі табыстары мен жетістіктері туралы жарнаманы қабылдау мен таратудан бас тартты.

Америкалық " Washington Examiner" ақпарат торабы: «Бірінші мамырда таратылған Дональд Трамптың жүз күн президенттігі кезіндегі жетістіктері туралы алғашқы жарнаманы Американың негізгі телеарналары таратудан бас тартты» деп жазды. Осы тораптың жазуынша, Трамптың жүз күн президенттігі кезіндегі жетістіктері туралы жарнаманы CBS, ABC, CNN және NBC телеарналарынан таратуға қарсылық АҚШ президентінің ақпарат құралдарына көрсеткен қатынасының қарымтасы болып табылады.